Казахстан

Алматыдағы эвакуатор қызметі

Жөндейтін жерге де жете алмай, көлігіңіз жолдың дәл ортасында қалып қойса, ең қиыны сол. Әрине “көліктің тілін білетіндер” жолда қалмайтыны айдан анық. Ал егер жоғарыда айтып өткендей, жол үстінде қалып қойсаңыз, Алматыдағы эвакуатор қызметін шақырыңыздар.

Алматыда эвакуатор шақыру

Эвакуатор оқиға орнына келуі үшін, көлік иесі Алматыда эвакуатор қызметтерін ұсынатын арнайы компаниялар мен қызметтердің байланыс телефондарына хабарласуы керек. Өкінішке орай, кейде эвакуатор қызметін ұсынатын бір ғана фирманың байланыс телефонына хабарласып проблеманы шешу мүмкін емес. Себебі дәл сіз хабарласқан кезде эвакуатор бос болмауы, тапсырыс көп болуы әбден ықтимал. Жайсыз ауа-райы немесе табиғат апаты кезінде көліктер жиі апатқа ұшырайтындықтан, ондай кездері техника шақыру қиынға түседі. Осындай жайсыздыққа кездеспес үшін, қолыңызда арзан бағамен эвакуатор қызметін ұсынатын бірнеше фирманың телефоны болғаны дұрыс. “Барлық таксилер” сайтына кірсеңіз, сізге керек барлық эвакуатор қызметтерінің телефондары берілген, оған қоса ондай қызметтердің танымалдық рейтингі де көрсетілген. Ал сайтта жарияланған клиенттердің пікірлері Алматыда сапалы эвакуатор қызметін тұтынуға көмектеседі.

Біздің сайтқа кіріп, керек фирманы таңдап болғаннан кейін, нақты сол қызметтің парақшасына өтіп, қызмет түрлерімен, бағалармен танысуға болады, сонда сізде ешқандай күтпеген қаржылай шығын күтпейді.

Қосымша қызметтер:

  • Эвакуаторды шұғыл шақыру мүмкіндігі;
  • техниканы тәуліктің кез-келген уақытында, тіпті түн ортасында да шақыру ( таңның атқанын күтудің қажеті жоқ);
  • Алматыда эвакуатор шақырған жүргізуші нәтижелі техникалық көмек алуға құқылы;
  • Жүк көлігі, жол талғамайтын көлік немесе басқа жеңіл көліктер үшін Алматыда эвакуатор шақырған жағдайда, арзан бағамен техникалық көмек көрсетілуі мүмкін;
  • Алматыда автоэвакуаторды алдын-ала шақырып қою мүмкіндігі бар (мысалы зақымданған көлікті гараждан техникалық қызмет көрсету стансасына жеткізу керек болса).

Диспетчерлер ірі габаритті автокөліктерді тасу үшін платформасы үлкен эвакуаторлар да жібере алады. Және эвакуаторлардың дені ауа жастықшаларымен жабдықталғандықтан, бампері төмен орналасқан көлік құралдарын да тасымалдаудың мүмкіндігі бар. Эвакуатор-манипулятор шақыртсаңыз, доңғалағы зақымданған көлікті де қызмет көрсету стансасына жеткізуге болады.

Егер жүк тасымалдап бара жатқан фура көлігі апатқа ұшыраса, диспетчерлер эвакуатор қызметімен қоса, фурадағы тауарларды басқа көлікке тиеп беру қызметін де ұсынады. Жүк басқа көлікке тиелгеннен кейін барып, фура техникалық қызмет көрсету стансасына жеткізіледі.

Қызмет төлемақысы

Алматыда эвакуатор шақыру қызметтерінің телефондарын “Барлық таксилер” сайтынан табуға болады. Көп клиенттер эвакуатор шақырудың құны туралы да білгісі келеді. Сайтта осындай сауалдардың да жауабы берілген. Қызмет үшін қолма-қол төлем жасауға болады, және көп клиенттер солай етеді де.

Автобазадан қашықтау жерде жолда қалып қойған кезекті рейстегі кәсіпқой жүргізушілер де Алматыда эвакуатор шақырудың жолдарын және қызмет төлемақысын білуге ықыласты. Осындай жағдайлар орын ала қалса, Алматыда эвакуатор қызметтерін ұсынатын фирмалар шот-фактура, чек қағаздары, орындалған жұмыс актілері сияқты құжаттар бере алады, оған қоса қызмет үшін ақшасыз есеп айырысу мүмкіндігі де қарастырылған. Алматыда эвакуатор шақыру қызметінің бағасы ауа райы жағдайы, оқиға орнының алыстығы, көлікті кранмен көтеру қажеттілігі сияқты факторла қамтиды.